Ақтөбе тұрғыны көпбалалы ана Саркыт Нағашыбайқызы мемлекеттік грантқа ие болып, өз кәсібін бастады. Грант қаражатына құс өнімдерін өндіру ісін қолға алды.
Мемлекеттік қолдау оған өз кәсібін бастауға, жаңа мүмкіндікке қадам жасауға және отбасына қосымша табыс көзін қалыптастыруға жол ашты.
Бүгінде Саркыт Нағашыбайқызы өз еңбегімен кәсібін дамытып келеді. Мемлекеттік грант — оның жаңа бастамасына берілген нақты мүмкіндік болды.