ОТБАСЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ ЖАСЫРУ — ШЕШІМ ЕМЕС!

0

Отбасындағы зорлық-зомбылық – қоғамдағы өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі.

Үлкен Сұлутөр ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі инспекторы А. Хожакметованың ұйымдастыруымен жастар арасында отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған кездесу өтті.

Кездесу барысында отбасындағы зорлық-зомбылықтың түрлері, оның салдары және алдын алу жолдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар қатысушыларға өз құқықтарын білу, зорлық-зомбылық жағдайларына бейжай қарамау және қиын жағдайға тап болған кезде дер кезінде көмекке жүгінудің маңыздылығы түсіндірілді.

Зорлық-зомбылыққа жол жоқ! Әр отбасы қауіпсіздік пен сыйластыққа негізделуі тиіс.

Leave A Reply

Your email address will not be published.