Алғыс айту – бұл қиыншылықты иық тіресе бірге еңсеріп, алдыға жетелеп, әрдайым жаныңның жаршысы, бір сөзбен айтқанда «жайылсаң жастар жастық, көсілсең көлденең көрпе» бола білген барлық жандарға шын көңілмен рахмет айту, жүрекжарды жылы лебіз сөзін тілге тиек ету деп білеміз.
Ризашылық адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі. Арамызда жақсылық жасаудан жарысып, әрдайым сауапты істедің ортасында жүретін нағыз алғыс айтуға лайықты азаматтар болады. Осындай кең пейілді, ақ ниетті жандар деп біз №11 негізгі мектебінің түлектерін айта аламыз. Әсіресе, мектебіміздің түлегі қазіргі таңда Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының деканы Бауыржан Байділдаевқа алғысымыз шексіз. Бауыржан Нұрбекұлы мектебімізге өз қолынан шыққан екі қабырға суретін сыйлады. Бұдан бөлек, біз білім ошағының өзге де жомарт түлектерімен мақтанамыз. Мәселен, 1964 жылғы түлектер теннис үстелін, 1973 жылғы түлектер мектеп дәлізіне Қазақстан Республикасының Рәміздерін, 1974 жылғы түлектер жұмсақ жиһаз, 1977 жылғы түлектер әрбір кабинеттің есігіне маңдайша, 1999 жылғы екі түлегіміз Абдыжапаров Темірлан және Жұмабай Абай мектебімізге 10 түп арша ағашын сыйға тартты. Ал, 1995 жылғы түлектер дауыс күшейткішімен музыкалық орталықты, 1998 жылғы түлектер мектепке теледидар тарту етті. Сонымен қатар, түлектеріміздің арасында жоғары оқу орнын бітіріп, өзі оқыған мектепте оқушыларды білім нәрімен сусындатып жүрген ұстаздар да бар. Солардың бірі Айжан Таласбекқызы мектебімізге жұмсақ жиһаз, екі сынып бөлмесіне «Оқуға құштар сынып» бұрышын сыйласа, Атажанова Махпал және Копбаева Венера сынып бөлмесіне және дәлізге «Оқуға құштар сынып» пен «Мамандықтар әлемінде» бұрышын жасап берді. Әр жыл сайын осы мектептің түлектері аз қамтылған және көпбалалы отбасындағы балаларға қажетті киім-кешек, құрал-жабдықтар алып беріп, қайырымдылық акциясына атсалысады. Осы түлектерге ризашылығымызды білдіріп, алғыс айтамыз. Осындай мейірімді, қайырымды, адамдарға шын жүректен денсаулық, бастарыңызға бақыт, отбасыларыңызға ырыс-береке тілейміз.
№ 11 негізгі мектеп ұжымы