«МЕЙІРІМДІЛІК БАЛАЛАРҒА»

0

№36 Нығмет Сауранбаев атындағы негізгі мектебінде «Мейірімділік балаларға» аттты іс-шара өткізілді. Іс-шараға ауылымыздың азаматы, жеке кәсіпкер Қуаныш Адилькенов демеушілік жасап, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бастауыш сынып оқушыларына сыйлықтар ұсынды. Сонымен қатар, мектебіміздің жомарт түлегі Алинұр Қаратай өзі Астана қаласында әскери қызметте болса да, бір бүйірі ауылға бұрып, балаларға базарлық жасады, және 1970 жылы дүниеге келген, 1983-1984 жылғы түлектеріміз де оқушыларға тәттілер ұсынып, қуанышты көңіл-күй сыйлады. «Ауылына қарап азаматын таны» деген сөз тегін айтылмаса керек. Ауылдың әрбір түлегі, әрбір азаматы туған жеріне, мектебіне, оқушыларына осындай тамаша сый жасаса мектебіміз одан әрі ажарлана түсер еді. Бұл игі іс өзгелерге әбден үлгі деп айта аламыз.

Гүлнұр АРАЛБАЕВА,
№36 Нығмет Сауранбаев атындағы негізгі мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.