«Қызмет қылсаң халқыңа, игі іс қалар артыңда»

0

«Еліңнің  ұлы болсаң, еліңе жанын ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі үшін еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа», деген сөздер Рухани жаңғырудың бір бөлімі  «Туған жер» бағдарламасына арналған.  Әрбір азамат өз туған жерін, өскен ортасын бірінші орынға қоюы керек.  Осы ұстанымды мектебіміздің түлегі, қазіргі кезде  Алматы қаласының  «Грин Ланд» ЖШС-нің директоры Гүлзада Қалдыбаева ұстанады. Гүлзада Әлханқызы «Мектепке тағзым» бағдарламасы аясында  мектеп оқушыларымен кездесу өткізіп, білім ошағына өзінің көгалдандыру туралы шығарған кітабын сыйға тартты.  Мектеп ауласына  гүл және ағаш көшеттерін отырғызып берді. Сонымен бірге ауылдағы мешіт ауласын, ауыл клубы мен  Өтеген батырдың шырақ үй ауласын көгалдандыруға өз үлесін  жылда қосып отырады. Қолдан келгенше ауыл-аймақты көркейту, көгалдандыру  жұмыстарына қолдау көрсетіп отырған жан.  Иә, «Атадан мал қалғанша, тал қалсын…» бұл бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті. Халықтың денсаулығы мен ұрпақ болашағына оң әсерін тигізіп,  туған ауылының көркеюіне  үлес қосып, қалыс қалмау – әрбір азаматтың борышы.

 

№8 Өтеген батыр атындағы орта мектебі

Leave A Reply

Your email address will not be published.