ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНДЕГІ НАУРЫЗ

0

Наурыз мейрамы – тарихы терең, түркі халқына ортақ, ырыс-береке мен ынтымақтың, тыныштық пен татулықтың мерекесі. Бұл мереке жаңа өмірдің бастауы, табиғаттың оянуы, адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен құрметінің артуы.

Осы ретте, Қордай аудандық полиция бөлімі, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын кең көлемде атап өтті. Шараның алғашқы сәті полиция бөлімінің ғимаратында өткен тал егу шарасынан басталды. Тал егу – табиғатқа деген сүйіспеншілікті, экологияға жауапкершілікті арттыру, сондай-ақ, жас ұрпақты табиғаттың қорғаушысы ретінде тәрбиелеу.

Шараға аудан әкімінің орынбасарлары, аудан прокуроры, аудан әкімі аппаратының басшысы, сондай-ақ, аудандық әкімдіктің бөлім басшылары қатысты.

Аталған іс-шарада жиналған қауым Наурыз көжеден дәм татып, ұлттық салт-дәстүріміздің көріністерімен танысты. Наурыз көже — бұл мерекенің міндетті элементі, ол молшылық пен татулықтың белгісі, әрі халқымыздың қонақжайлығын көрсетеді.

Аудандық полиция бөлімінің басшысы Бауыржан Үдергенов жиналғандарға алғысын айтып, Наурыз мейрамының маңыздылығын ерекше атап өтті. Ол: «Бүгінгі мейрам – береке мен бірлігіміздің, татулығымыз бен достығымыздың жарқын көрінісі. Бәріміздің мақсатымыз – бір-бірімізге көмек көрсетіп, еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін қызмет ету», — деді.

Наурыз мейрамының маңызын ескере отырып, шара барысында полиция қызметкерлері арасында футболдан турнир ұйымдастырылды.

Жалпы, Наурыз мейрамы – халық арасындағы бірлікті нығайтып, жаңа бастамалар мен жетістіктерге жол ашатын мереке. Осы мақсатта, Қордай аудандық полиция бөлімі еліміздің әр азаматының бейбіт өмір сүруіне, қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге батыл ниетпен қызмет етуді жалғастыра бермек.

Әділет ҚҰТТЫБАЙ

Leave A Reply

Your email address will not be published.