Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықты жаңартылатын қуат көздерін пайдалануға ынталандыру қажет екенін атап өтіп: «Мен таза энергетиканы және жалпы жасыл технологияны жақтаймын.

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықты жаңартылатын қуат көздерін пайдалануға ынталандыру қажет екенін атап өтіп: «Мен таза энергетиканы және жалпы жасыл технологияны жақтаймын. Жаңартылатын қуат көздерін пайдаланатын электр стансаларын салуды қолдаймын», – деді.
Еліміз соңғы онжылдықта энергетика саласында түбегейлі өзгерістер жасап, дәстүрлі отын түрлерінен біртіндеп таза және экологиялық қуат көздеріне көшу бағытын ұстанып келеді. Бұл – елдің «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы аясында іске асырылып жатқан стратегиялық міндеттердің бірі. 2013 жылы қабылданған «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы және «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» заңдар жаңартылатын энергия саласына құқықтық негіз қалады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.