Тараз қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде бокстан жастар мен жасөспірімдер (U-19 және U-23) арасындағы Азия чемпионатында жүлделі орындарға ие болған Жамбыл облысының спортшыларын салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

0

Тараз қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде бокстан жастар мен жасөспірімдер (U-19 және U-23) арасындағы Азия чемпионатында жүлделі орындарға ие болған Жамбыл облысының спортшыларын салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Халықаралық додада ел мерейін үстем еткен былғары қолғап шеберлерін жаттықтырушылары, спорт ардагерлері, жанкүйерлер мен жақындары құттықтады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Құрлық біріншілігі Индонезияның Джакарта қаласында өтіп, Азияның 26 мемлекетінен келген 400-ден астам спортшының басын қосты. Бірнеше күнге созылған жарыста қатысушылар жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетіп, әр жекпе-жек тартысты әрі тартымды өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.