13 сәуірде аудандық «Қордай шамшырағы» газетінің ұжымы орталық ауруханаға барып, ресейлік коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасын салдырды. Осы арқылы аудандық басылым қызметкерлері ұжымдық иммунитетті қолдайтындықтарын білдірді.
«Қазір көңіл күйіміз жақсы. Ешқандай кері әсерін байқамадық. Медицина қызметкерлерінен жалпы нұсқаулық сұрап алдық. 2-3 күн жақсылап күтініп, суыққа шықпай, маска киіп жүру сынды сақтық шараларын орындайтын боламыз. Енді 21 күннен кейін екінші компонентін алуға келеміз», — дейді «Қордай шамшырағы» қызметкерлері.
Редакция ұжымы әр адам өзінің азаматтық жауапкершілігін сезіне білуі керек екенін, бұл бір ғана адамның денсаулығының емес бүкіл қоғамның қауіпсіздігі екенін алға тартуда және барша қордайлықтарды індетке қарсы бірге күресуге шақыруда.
Расында, вакцинация – вирусты жеңудің жалғыз жолы. Оны тарихымыз баяғыда-ақ дәлелдеп берген.