«Ромашки» БАЛАЛАР ВОКАЛДЫҚ ТОБЫ

0

«Ромашки» балалар вокалдық тобы – ауданымыздағы жас дарындардың басы біріккен өнер ұжымы. 2013 жылы құрылған аталмыш топ Қордай жұртшылығын тамаша талантымен, әуезді әуендерімен тамсандырып келеді. Топ жетекшісі Светлана Османованың қолдауы мен қамқорлығының арқасында «Ромашки» талай өнер байқауларында топ жарып, бірнеше рет жеке ән кештерін өткізіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленуде. Ауданда атап өтілетін кез келген мерекелік шараның шырайын да ашатын осы өнерлі балақайлар екені сөзсіз. Ендеше «Балалар жылы» аясында сіздердің назарларыңызға «Ромашки» вокалдық тобының әр байқаудан суреттер топтамасын ұсынамыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.