САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

0

2024 жылғы 1 наурызда Қордай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаев Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы атқарған жұмысы туралы және 2024 жылға арналған жұмыс жоспарының орындалу барысы туралы есеп берді.

Кездесуге Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов, Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбеков, аудандық мәслихат төрағасы мен депутаттары, Қордай ауданы прокуратурасының аға прокуроры, аудандық полиция бөлімінің бастығы, сайлау процесіне қатысты уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары, ауылдық округ әкімдері, жергілікті қауымдастық пен ардагерлер кеңесінің төрағалары, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және округтік, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.

Кездесуге төрағалық еткен Қордай ауданының әкімі Бегзат Сейсенқұлұлы алдымен Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы Асылбек Сырлыбаевқа сөз беріп, ол Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылы атқарған жұмыстары және 2024 жылға арналған жұмыс жоспарының орындалу барысы туралы баяндады.

Сонымен қатар, аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрболат Сатымқұл сайлаушылар тізімін өзектендіру және сайлау учаскелерінің материалдық-техникалық жабдықталу мәселесі бойынша баяндама жасады.

Сондай-ақ, Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Өмірзақұлы 2023 жылы өткен сайлау науқандары жайлы айтып, 2021 жылдан бастап облыс көлемінде ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауы өткізіліп жатқандығын, ауыл әкіміне кандидаттарды ұсыну барысында саяси партиялармен бірге жеке азаматтардың тарапынан өзін-өзі ұсыну белсенділігі едәуір артқандығын жеткізді.

№511 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Елена Борисевич және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет сұрақ қойып, оларға Серғали Айдапкелов толық жауап берді.

Жиын соңында сайлау науқандарын ұйымдастыру және өткізу кезеңінде жоғары белсенділік танытқан комиссия мүшелері Балғын Өміртай, Абдула Джинлиров және «Қордай шамшырағы-Кордайский маяк» аудандық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Шолпан Сабанова Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының алғыс хаттарымен марапатталды.

Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Leave A Reply

Your email address will not be published.