САЙЛАУШЫЛАР ТІЗІМІМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ

31 мамырда аудан әкімдігінің ғимаратында Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының «Сайлау учаскелерінің шекараларын қайта қарау, сайлау учаскелерін құру» және «Сайлаушылар тізімдерімен жұмыс жүргізу» тақырыптары бойынша кеңейтілген отырысы өтті.

0

Отырысқа Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, учаскелік сайлау комиссияларының төраға, төрайымдары, аудан әкімі аппарат басшысының м.а. Б.Жәнетұлы, аудан әкімінің кеңесшісі Ұ.Менболат және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Отырысты Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаев ашып, кіріспе сөз сөйледі.

«Сайлау учаскелерінің шекараларын қайта қарау, сайлау учаскелерін құру» тақырыбында Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Э.Күмекбай баяндама оқып, туындаған мәселелер бойынша кейбір ауылдық округтердің сайлау учаскелерінің шекараларын қайта қарау, жаңа  сайлау учаскелерiн құру туралы ұсыныс айтып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. 

Сонымен қатар, аудан әкімінің кеңесшісі Ұ.Менболат «Сайлаушылар тізімдерімен жұмыс жүргізу» тақырыбында баяндама оқып,  ауыл әкімдерінің жұмысын күшейту қажеттілігін айтып, жұмысты жандандыру бойынша ұсыныстарын айтып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Кеңейтілген отырысты Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаев қорытындылап, күн тәртібіндегі мәселелер  бойынша ұсыныстар мен тапсырмалар беріп, қатысушылардың назарын сайлау инфрақұрылымын уақтылы өзгерту қажеттілігіне және сайлаушылар тізімдерінің өзектілігіне аударды.

 

  Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Leave A Reply

Your email address will not be published.