Сәтті сайлау өткізуге септігін тигізген менің қадірменді сайлаушыларым! Құрметті жерлестер!
Сіздердің сенімдеріңіз бен қолдауларыңыздың нәтижесінде сайлауда жоғары жетістікке жеттік.
Өзім кандидат болып тіркелген облыстың жеті ауданының түкпір-түкпірін аралау арқылы ауылдағы жалпы халықтың, ұлттық болмысын бойына сақтай білген туған қазағымның бүгінгі жай-күйін, талап-тілегін біліп, кей жағдайда мұң — мұқтажын да тыңдауға тура келді.
«Ұлт руханиятының — алтын бесігі» болып табылатын — ауылдың тыныс — тіршілігімен жақынырақ танысу маған күш-жігер беріп, алдағы депутаттық өміріме өз түзетулерін енгізетіндігі сөзсіз.
Біз ауылдан алыс кетсек те, ауыл бізді жырақтатпады, құшағын жайып қарсы алды. Нәтижесі – өздеріңіздің бірауыздан қолдауларыңыз!
Ардақты маған сенім білдірген, қолдаушыларым! Ендігі кезек сіздер көтерген мәселелер мен тілектерді жүзеге асыру үшін аянбай қызмет ету. Бұл менің перзенттік борышым!
Осы науқан барысында маған ақпараттық қолдау көрсеткен барлық БАҚ өкілдеріне де алғысым шексіз!
Гүлдара НҰРЫМОВА, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты