СЕРІКТЕСТІККЕ СЕРПІН БЕРІЛМЕК

0

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев кеңейтілген мәжілістердің бірінде экономиканың негізгі салалары – өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инвестицияға айрықша назар аударып, нақты инвестиция тарту бойынша жұмыстарды күшейту керектігін атап өткен болатын. Ірі инвестициялық жобалардың жанынан жергілікті кәсіп-керлерді тарта отырып, шағын және орта жобаларды жүзеге асыруды ұйымдастыру, сол арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу, тұрғындарды тұрақты табыспен қамту шараларының маңыздылығын да атап өткен еді.

Осы ретте Қордай ауданында инвестиция тарту мәселесіне ерекше көңіл бөлініп келеді. Аудан басшылығы алыс-жақын шетелден келген инвесторлармен көптеген келісімсөздер жүргізіп, аудан әлеуетін арттыратын жаңа мүмкіндіктерді қарастырып жүр.

Мәселен, өткен аптада аудан әкімі Бегзат Болатбеков Қытай халық республикасынан келген кен өндірісі және ауыл шаруашылығымен айналысатын компания өкілдерімен жүздесті. Тау-кен металлургиясымен айналы-сатын қытайлық инвесторлар Қордай ауданындағы алтын кен орындарына деген қызығушылығын танытты. Көпшілікке белгілі, ауданымызда алтын кен қорлары жетерлік. Алайда, оны толыққанды зерттеу жүргізіп, геологиялық жұмыстар жүргізу қажет.

Сонымен қатар, кездесуде ауыл шаруашылығы және өзге де кәсіпкерлік бағыттарда жұмыс істеу жайы талқыланды. Инвесторлар аудан басшылығы ұсынған барлық бағыттарды мұқият тыңдап, үлкен көлемде инвестиция жасау мүмкіндіктері бар екенін атап өтті.

Ауданда жаңа өндіріс ошақтарын ашу үлкен мүмкіндіктер берері рас. Ауданға инвестиция тартылып, жаңа кәсіпорындар ашылып, жергілікті тұрғындар жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі. Бүгінгі күнде аудан басшылығының бұл басты мақсаты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.