Шу ауданына қарасты Жаңажол ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Жаңа спорт кешенінде волейбол, футбол, дзюдо және бокс секциялары жұмыс істейді. Бұл ауыл жастарының спортпен жүйелі айналысуына және салауатты өмір салтын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, бұған дейін балалар мен жастар спортпен шұғылдану үшін көрші елді мекендерге баруға тура келген.
Қазіргі таңда Шу ауданында барлығы 305 спорт нысаны жұмыс істейді. Оның ішінде 2 стадион, 5 спорт кешені, 71 футбол алаңы, 152 спорт алаңшасы және 75 спорт залы бар. Аудан әкімдігінің мәліметінше, бұл нысандар тұрғындар үшін толық қолжетімді.