Қызылордадан санитарлық авиациямен Шымкент жүрек орталығына аса ауыр жағдайда жеткізілген 46 жастағы әйелге шұғыл күрделі кардиохирургиялық ота жасалды.
Тексеру нәтижесінде науқасқа өмірге тікелей қауіп төндіретін қолқаның ажырайтын аневризмасы диагнозы қойылған. Мамандар науқасты алғашқы сағаттарда жоғары технологиялық операцияға алып, қолқаның жоғары бөлігін супракоронарлық протездеуді сәтті орындады.
Операциядан кейін науқастың жағдайы тұрақтанды. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында қажетті ем қабылдап жатыр.
****************
В ШЫМКЕНТЕ КАРДИОХИРУРГИ СПАСЛИ ЖИЗНЬ 46-ЛЕТНЕЙ ПАЦИЕНТКЕ
46-летнюю женщину в крайне тяжёлом состоянии доставили санитарной авиацией из Кызылорды в Шымкентский центр сердца. Обследование выявило расслоение аорты — состояние, представляющее непосредственную угрозу жизни и требующее срочного хирургического вмешательства.
В первые часы после поступления пациентке провели сложную высокотехнологичную операцию — супракоронарное протезирование восходящего отдела аорты. Операция прошла успешно.
Состояние пациентки стабилизировано. Сейчас она находится под наблюдением врачей и получает необходимое лечение.