«Шынықсаң, шымыр боласың!»

0

25 қазан – Республика күніне орай «Қордай аудандық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ-нің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қызмет алушы әйелдер мен балалар арасында  №47 М.Х. Дулати атындағы мектептің спорт залында «Шынықсаң шымыр боласың!» атты спорттық жарыс өткізілді.

Сайысқа үш топ – «Қыран», «Бүркіт», «Сұңқар» командалары қатысты.  Іс-шараның шымылдығы Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылып, одан кейін Жапар Арайлымның орындауында «Туған жер»  әні шырқалды.

Спорт жарысына №7 Қордай аудандық арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының директоры А.Алматаева, «Береке» ГТК ұстаздары Айсана Апрельбек және жеке кәсіпкер Эльмира Ибрайкулова төрелік етті.

Жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар арнайы грамоталармен, сыйлықтармен марапатталды. Сайыс соңында бүлдіршіндер «флешмоб» биін билдеп, өнерлерін ортаға салды.

Аталмыш спорт шарасының мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына адамгершілік пен бауырмалдық, отансүйгіштік, ауызбіршілік қасиеттерін сіңіру.  Барлық демеушілік көрсеткен «Игрушки, Қордай» дүкені және «Олжа» дүкеніне, балаларға базарлығымен келген демеушіміз Эльмира Ибрайкуловаға, балаларды құр алақан қалдырмай өз  сыйлықтарын ала келген қонақтарымыз «Мүгедек балаларды бейімдеу және оңалту орталығы», «№7 Қордай аудандық арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» КММ-ге алғысымызды білдіреміз!

Ж.АБДЫҒОЖАЕВА, орталық тәрбиешісі

Leave A Reply

Your email address will not be published.