Сібір жарасы

0

Сібір жарасы (қойда – топалаң, жылқыда – жамандат, ірі қарада – қараталақ, түйеде – ақшелек, қарабез) ауыл шаруашылығы және жабайы жануарлардың бациллус антрацис микробы қоздыратын, жіті түрде өтетін, адам мен жануарларға ортақ аса қауіпті жұқпалы ауру. Оған ірі қара, қой, ешкі, жылқы, түйе, сондай-ақ, жабайы шөпқоректілер шалдығады. Сібір жарасы ауруына шалдыққан мал бағытсыз қозғалады, денесі құрысып, тісін қышырлатып, аузынан, мұрнынан, артқы ішегінен қанды көбік ағады және қаны ұйымайды. Індеттің жіті жағдайында малдың қызуы көтеріледі, мал қимылсыз күйзеліп, көзі қанталап, ауыз және тыныс кілегей қабығы көгеріп қан аралас тышқақтайды, көп ұзамай өледі.

Сібір жарасы – маусымды індет. Ол, әсіресе қуаңшылықты жылдары маусым-қыркүйек айларында жиі тарайды. Сібір жарасы ауруына қарсы ем болмағандықтан, ең тиімдісі алдын алу шаралары. Жыл сайын мемлекеттік тапсырыс бойынша жоспарға сай ауыл шаруашылығы жануарларына сібір жарасы ауруына қарсы егу жұмыстары жүргізіледі.

Құрметті  аудан тұрғындары, өз иелігіңіздегі жануарларды сібір жарасына қарсы екпені уақытылы салуға шақырамыз.

 

Ғ.Сабралы, «Қордай ауданының ветеринариялық  станциясы» ШЖҚ КМК директоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.