БАЛАЛАР – басты назарда

0

Өткен аптада «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі Қордай аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, жастар арасында жазғы шомылу маусымы кезінде суға кету жағдайларының алдын алу мақсатында Қордай ауданы аумағында орналасқан өзен жағалауларында және бассейндерде үгіт-насихат, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Бірлескен рейдтік түсіндірме жұмыстары барысында шомылу маусымында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау, балаларды бақылаусыз қалдырмау басты назарда болуын, балалардың бақылаусыз қалуы салдарынан жазатайым оқиғалар орын алып жатқаны жөнінде мәліметтер келтірілді.

Сондай-ақ, жасөспірімдерге судағы қауіпсіздік ережелері жөнінде дайындалған ақпараттық жадынама парақшалары таратылды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.