ҚМДБ-ның «Ислам ғылыми—зерттеу» институтының жанынан ашылған «Сирек кітаптар және қолжазбалар қорына» Өтеген ауылында 1897-1985 жылдары өмір сүрген Сатайұлы Батқалғазының жеке қорынан Қордай ауданы, Өтеген ауылының тұрғындары, Батқалғазы атамыздың келіні Асия Абильдаева мен немересі Шыныбек Сатаев «Сирек кітаптар және қолжазбалар қорына бірнеше маңызды басылымдар тапсырды.
Соның ішінде 1927 жылы шыққан Әміртайұлы Үсембайдің өлеңдер жинағының көшірмесі, 1917 жылы шыққан Халел Досмұхамедовтың «Шәкірттердің саулығын сақтау / Наставление по гигиене для школьника» атты кітапшасы, «Түркістан ортақшылар партиясы ұйымдастыруының уезі шаһар комитетіне және әрбір партия мүшелеріне ортақшылар есіне» атты құжат, 1958 жылы шыққан Орта Азия және Қазақстан мұсылмандары діни назаратының діни календары, 1891 жылы шыққан «Мұхтасар тарих Ислам», 1909 жылы, Қазан қаласында шыққан «Ақида Манзума» Сабах кітап баспаханасы, 1907 жылы, Қазан қаласында шыққан «Ғашықтық өлеңдері», 1906 жылы, Қазан қаласында шыққан «Мың бір хадис», 1907 жылы, Қазан қаласында шыққан Ғ.А. Балмұхамедовтің «Тарих Мухаммадия» Қазақ тілінде, 1910 жылы, Қазан қаласында шыққан Қ. Бекқұлы мен Ғ. Усмани шығарған «Балаларға қираат», 1913 жылы, Қазан қаласында шыққан «Ғибадат Исламия мажмуғасы», 1907 жылы, Қазан қаласында шыққан «Қазақ балалары үшін үгіт», 1901 жылы, Санкт-Петербург қаласында шыққан Шарафуддин ӘлБулғаридың «Осы Рисәлә Манасикул хаж», 1910 жылы, Қазан қаласында шыққан «Ғылым және Тарих», 1909 жылы, Қазан қаласында шыққан Сұлтан Рахманқұлының «Мунтазам Қираат» және 1991 жылы шыққан «Ғибадат Исламия», Бишкек қаласы бар.
Сонымен қатар Қордай ауданы, Масаншы ауылының «Аль-Куддус» мешітінің молдасы Бекер Кутуров, Масаншы ауылының «Имам Ағзам» мешітінің молдасы Хусар Дау Щиваевич, Сортөбе ауылының «Ханафий» мешітінің молдасы Удый Харби, Сортөбе ауылының «Хамид бен Бадый» мешітінің имамы Паншаров Губар тарапынан «Сирек кітаптар және қолжазбалар қорына» бірнеше діни еңбектер тапсырылды. Олардың қатарында қарилар мектебі үшін арналған Құранның 30 парасы, Куфа жазуымен шыққан Құран сүрелері және араб каллиграфиясының үздік үлгісінде, аптаның 7 күніне арналған салауаттар мен дұғалар жинағы «Дәләәилл, ДарусСағадаат», Куфа жазуымен шыққан «5 уақыт намаз және Құтбалар», Ташкент қаласында литография арқылы шыққан «Щархул Виқоя Ғумдатур Риғоя», Мұхаам аш Ширази ӘлБайдоуийдің тәфсірі «АнуартТанзил уа АсрорутТаьуил», 1914 жылы, Қазан қаласында шыққан тәфсір «Итқан таржиматул Қуран», 1902 жылы, Қазан қаласында шыққан «Таржимату Мухтасар Уиқоя», Ташкент қаласында литография арқылы шыққан «ЖамиғурРомиз», Умар бин Мухаммад Әннасафийдің Даруссағадаат баспасынан шыққан «Шарх Рамазан Афанди», Қазан қаласында шыққан 2 томдық «Тасһилуд Дарурий фи тафсирил Қуран», тәфсір Жалалайн, 2 томдық «Мишкатул Масаабих» және 2 томдық «Сахих Әл Бухари» бар.
Осыған байланысты, ҚМДБ-ның «Ислам ғылыми-зерттеу» институтының жанынан ашылған «Сирек кітаптар және қолжазбалар қоры» егер үйіңізде осындай діни бағыттағы ескі кітаптар сақталған болса соны қорға өткізуді сұрайды. Ол кітаптар тиісінше арнайы орындарда сақталады, сонымен қатар үлкен тарихи маңызға ие болып отыр.
«Ислам ғылыми-зерттеу» институты Алматыдағы ҚМДБ жанында орналасқан.