СОҒЫСТАҒЫ ЕСТЕЛІКТЕРІМЕН БӨЛІСТІ

0

Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толып отыр. Осыған орай Санжар Асфендияров атындағы негізгі мектебінде Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып, Отан үшін отқа түсіп, жат жерде көз жұмған жауынгерлерді еске алу, елге оралған майдангерлердің ерлікке пара-пар ғұмырын үлгі-өнеге тұту, отансүйгіштікке баулу мақсатында өткен шарада мектеп оқушылары ардагерлердің сұрапыл соғыс кезіндегі естеліктерін тыңдап, қызықтырған сауалдарын жолдады.

Т.ЖҰМАҒАЛИЕВА, Санжар Асфендияров атындағы негізгі мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.