ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ САРБАЗЫ БОЛУ – ЗОР МІНДЕТ

0

Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы Қордай ауданы бойынша шекара басқармасында қазіргі таңда «Күз 2023» жас сарбаздары оқу орталығында білімдерін алуда, осыдан 2 ай бұрын оқу орнының табалдырығын аттаған жас қазақстандықтар бүгінгі таңда қызметтік жауынгерлік іс әрекеттердің қиыншылықтары мен ауыртпашылықтарына қас қақпай төзімділік танытып, Отан алдындағы қасиетті борыштарын өтеуде. Қордай ауданы бойынша шекара басқармасында 343 сарбаз теориялық және тәжірибелік білімдерін алуда.

Шекара басқармасында сарбаздарды Отансүйгіштік және патриоттық сана-сезімді қалыптастыруды мақсат етеді. Қордай шекара басқармасының басшылығының мақсаты – бейбіт күннің батырлары ерлігін жас ұрпаққа насихаттау, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру болып табылады.

Оқу орталығының бағыты, ел шебін күзетуге сап түзеген сарбаздар алдағы мәртебелі міндеттерін лайықты деңгейде атқаруға бағытталған. Әрбір сарбаздың жауапкершілікпен шекараны қорғауға, қазақ елінің ұйқысын тыныш қылатын, еліміздің абыройын көтеретін ең мықты әскери сарбаз шығаруға күш жігерін салуда.

Желтоқсан айында оқу орталығының емтихандарын тапсыру күні де келіп қалды. Сол себепті келешектегі қызметтеріне адал болып өздерінің кәсіби біліктіліктерін шыңдап, елеулі азамат болуға әрбір Қордай ауданы бойынша шекара басқармасының офицерлері атсалысуда. Үш ай мерзім аралығында сарбаздарға оқу-жаттығу барысында, ер жүректі мінезді қалыптастырады, сайыпқыранды шекарашы мамандығын меңгеріп шекара бұзушыларын құрықтауға, сондай-ақ сайдың тасындай қоян-қолтық ұрыстан жаттығулардың  нәтижесінде әскери қызметшілерді дайындау, шекара шебінде Қазақстанның бет пердесі болып, азаматтық тұлғалармен сыпайы мейіріммен тілдесуді және қиын да абыройлы, жауапкершілігі мол ісінде кірпік қақпай қорғайтын шекарашыларды тәрбиелеуде.

Күндіз-түні қарайғанды қалт жібермей, шекара режимін бұзуға жол бермейтін, заңсыздықтың жолын кесетін ержүректі, қырағылық таныта білетін сарбаздарды тәрбиелеуде.

Нұрбек Орақов, тәрбиелік, идеологиялық және кадрлар жұмыстары бөлімі бастығының орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.