Су тасқынының алдын алу

0

Су тасқынын болдырмау мақсатында өз аумақтарыңыздағы дренаж каналдар мен арық жүйелерінде, өзен арналарында, автокөлік және теміржолдардағы су өткізгіштерді қоқыстан және қалдықтардан уақытылы тазалауды ұйымдастыру қажет.

Қауіпсіздік шаралары:
Таулы аймақтардың жағдайы туралы бұқаралық ақпарат құралдарынан хабарларды үнемі бақылаңыз.
Халықты жақындап келе жатқан су тасқыны туралы хабардар еткен жағдайда, сондай-ақ, оның пайда болуының алғашқы белгілері кезінде үй-жайдан мүмкіндігінше тезірек кетіп, айналасындағыларға қауіп туралы ескертіп, қауіпсіз жерге шығу керек, өзен арнасынан 300-500 м қашықтықта жүріңіз. Үйден шыққан кезде пештерді сөндіріп, газ шүмектерін жауып, шамдарды өшіріп, құрылғыларды өшіру керек.
Су тасқыны қауіпті өзен арналарына жақын жерде тұратын және жұмыс істейтін тұрғындардың, сәйкес жауапты ұйымдардың хабарламаларын мұқият тыңдаңыз. Су тасқынының қауіпі жайлы дабылдар (құлақтандыру) бойынша өзіңізбен бірге құжаттар мен құнды заттарды алып, алдын ала белгіленген маршрут бойынша қауіпсіз жерге эвакуацияны жүзеге асырыңыз.
Әрбір адам өздігінше нақты шараларды жасауды білу керек, оның ішінде:
— жедел медициналық көмек, өрт сөндіру және апаттық қызметтер, жекеменшік пәтерлер кооперативі (ЖПК), ТЖ департамент кезекшісі, аудандық ТЖ бөлімінің телефондары және мекен-жайлары туралы ақпарат;
— жақын таныс-туыстардың тегін, мекен-жайларын, телефондарын білу, әрбір отбасы мүшесі (әсіресе, балалар) үйге қайту мүмкіндігі болмаған жағдайда қайда бару керектігін білу керек. Отбасының әрбір мүшесі (әсіресе, балалар) білуі керек егер олар үйге орала алмаса, қайда бару туралы.

Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлардың
алдын алу басқармасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.