Судағы қауіпсіздік ережелері

0

Қазір жаз маусымы. Балалардың жазғы демалысы, ересектердің еңбек демалысы, серуендеу және әрине, шомылу уақытының қызған шағы. Бірақ, қай жерде шомылсаңыз да, ешқашан судағы қауіпсіздік ережелері туралы ұмытпағаныңыз абзал. Осыған орай, шомылу маусымында естен шығарылмауы қажет 10 маңызды ережені назарларыңызға ұсынамыз:

Бірінші кезекте балалар тек ересектердің бақылауымен шомыла алады! Бұл — негізгі ереже.

Шомылуға арналмаған жерлерде шомылмаңыз;

Тамақ ішкеннен кейін бірден суға түсуге болмайды (ас қабылдағаннан кейін бір – бір жарым сағат өтуі керек);

Арнайы қоршаудан өтіп жүзбеңіз, егер арнайы қоршаулар жоқ болса, онда жағалаудан алыстамаңыз;

Зерттелмеген түбі бар бейтаныс жерлерде суға секіруге болмайды;

Дауыл кезінде теңізге барудан аулақ болыңыз;

Жүзуді білмейтін балаларды суға арнайы құралдарсыз (шеңберлер, жеңдер, матрастар) жібермеңіз;

Шеңберлер мен матрастарда жағалаудан алыс жүзбеңіз;

Суда тым ұзақ уақыт болмаңыз (бір мәрте 10-15 минут жеткілікті);

Қатты ағысты жерлерде жүзбеңіз;

Тым суық суға шомылмаңыз  (16 градустан төмен болмау керек);

Қайықтардың, катерлердің және кемелердің жанында жүзуге БОЛМАЙДЫ.

Бұл тізімді ары қарай жалғастыра берсек те болады. Бірақ осы негізгілерін есте сақтауларыңыз маңызды.

Тағы бір айта кететіні, ыстық күні суға түсу қауіпті, бұл жүректің тоқтауына және сананың жоғалуына әкелуі мүмкін. Бірде-бір жағдайда қарсылас су астында ұстап тұрған кезде ойын ойнауға болмайды, бұл өте қауіпті. Шын мәнінде бәрі дұрыс бола тұра жалған дабыл көтеріп, суға батып бара жатқандай көрініс жасаудың қажеті жоқ. Себебі нақты қауіп туындаған кезде айналаңыздағы адамдар сізге сенбей қалуы мүмкін.

Бұл ережелер туралы балаға алдын ала айту керек.

 

Қордай аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.