Қордай ауылдық округінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында түнгі рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Аталған шараның негізгі мақсаты – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және жастардың қауіпсіздігін нығайту.
Рейд барысында қоғамдық орындарда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тәртіп талаптарын сақтаудың маңыздылығы тұрғындарға кеңінен түсіндірілді.