ТҰРҒЫНДАР НАЗАРЫНА

0

ВАКЦИНАЦИЯ ПАСПОРТЫН «eGov mobile» мобильдік қосымшасы арқылы қалай алуға болады?

Мемлекеттік қызметтерді кезектерде уақыт жоғалтпай онлайн алу – жеңіл әлі ыңғайлы. Санаулы минуттарда айыппұл төлеп, қажетті анықтама алуға, жүргізуші куәлікті ауыстыруға және т.б. мемлекеттік қызметтерді алуға  болады.

Біздің мемлекет «Мобильді үкімет» жобасын іске асырып, электронды үкіметтің мүмкіншіліктерін кеңейтті.  Енді қызметті алу оданда жеңіл бола түсті, ең бастысы тез. Мобильді үкімет мемлекеттік қызметтерді смартфон, планшет, және дәстүрлі телефондар арқылы алу және хабарламалардың түрлі типтерін алуға мүмкіндіктер береді.

«eGov mobile»  электрондық үкіметтің мобильді қосымшасы Google Play (талап етілетін нұсқасы Android — 5.0 немесе одан кейінгі нұсқасы), AppGallery, AppStore-де (талап етілетін нұсқасы iOS — 11.3 немесе одан кейінгі нұсқасы) жүктеу үшін қолжетімді.

Қосымшада ЭЦҚ-мен немесе бір реттік пароль арқылы авторизациядан өтуге  болады.

eGov mobile мобильдік қосымшасы ЭЦҚ-ны барынша ыңғайлы пайдалануға мүмкіндік береді:

— ЭЦҚ мобильді қосымшадан санаулы минуттарда ХҚКО бармай-ақ шығарыңыз.

— Қолда бар ЭЦҚ-ны 4 таңбалы PIN-кодқа және құрылғыңыздың кіріктірілген биометриясына (Face ID, Touch ID) бекітіңіз, сіз ЭЦҚ таңдауға және  авторизация және қызметтерді алу кезінде әр жолы пароль енгізуге алаңдамауыңызға болады.

eGov mobile мобильдік қосымшасындағы танымал қызметтер:

— вакцинацияға жазылу;

— ХҚКО-на электронды кезекті брондау;

— жеке тұлғаның жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама беру;

— соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;

— психоневрологиялық ұйымынан анықтама және т.б.

Бүгінгі таңда, eGov mobile мобильдік қосымшасы арқылы, екпе (вакцина) алғаннан кейін,  ВАКЦИНАЦИЯ ПАСПОРТЫН алуға болады! Бұл өте ыңғалы мүмкіндік.

Вакцинация паспортын СЕРВИСТЕР бөліміндегі – ЦИФРЛІК ҚҰЖАТТАР – ВАКЦИНАЦИЯ ПАСПОРТЫ бөлімшілерінде көруге болады.

«Қызметтер каталогында» көрсетілетін қызметтер тиісті санаттар бойынша топтастырылған. «Тапсырыстар тарихы» бөлімінде өтінім мәртебесі мен қызмет көрсету нәтижесін көруге болады. Алынған құжатты өз смартфоныңызға оңай сақтауға немесе пошта немесе мессенджер арқылы бөлісуге болады.

QR сканерлеңіз және қосымшаны дәл қазір жүктеп алыңыз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.