Тұрғындардың белсенділігі – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі

0

Аудан орталығынан шалғай орналасқан Отар ауылдық округіне қарасты Бел ауылындағы №265 референдум учаскесінде халық белсенділік танытуда. Таңертеңнен бастап ауыл тұрғындары келіп, өз таңдауларын жасап жатыр. Учаскеде дауыс берушілерге қолайлы жағдай қарастырылып, комиссия мүшелері референдумның талапқа сай өтуін қамтамасыз етуде.

Бұл саяси науқанда алғаш рет дауыс берген жастар да бар. Солардың бірі – 18 жастағы Нұрмұхамбет Арман. Жас сайлаушы алғаш рет дауыс беру өзіне ерекше әсер қалдырғанын айтып, ел өміріндегі маңызды мәселелерге бейжай қарамайтынын жеткізді. Оның пікірінше, әр азаматтың қоғам өміріне қатысуы елдің дамуына ықпал етеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.