«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» ГРАНТЫ

0

Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «JASTAR дамыту орталығы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Жамбыл жастары үшін «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты тағайындалады. Жамбыл облысының тұрақты тұрғыны болып табылатын 18-35 жас аралығындағы жастарға бастамаларын жүзеге асыру үшін 500 000 (бес жүз мың) теңге көлеміндегі гранттар конкурстық негізде берілетін болады. Конкурстық нәтиже бойынша жоғары ұпай жинаған 15 (он бес) жас жеңімпаз ретінде анықталады. Гранттар Қазақстан Республикасының азаматына жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде «Ғылым»ғ , «Мәдениет», «Ақпараттық техногиялар», «Бизнес», «Медиа», «Жастар ұйымдарын қолдау», «Ауыл жастарының бастамалары қолдау» бағыттары бойынша беріледі.

Үміткерлердің конкурстық өтінімдері (қағаз нұсқада) ағымдағы жылғы 20 қазанға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Тараз қаласы,  Төле би көшесі, 35 үй. Байланыс номері: +7 707 723 7848, (электрондық нұсқасы) tauelsizdik_urpaktary_2023@mail.ru поштасына қабылданады. Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылданады.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.