ТАҒАЙЫНДАУ

0

Қордай ауданы әкімінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі  № 99ө-ж/қ өкімімен  Ебелекбаев Данияр Файзуллаұлы Жамбыл облысы  Қордай ауданы Отар ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

Ебелекбаев Данияр Файзуллаұлы, 1986 жылы 23 қазанда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Ақжар ауылында дүниеге келген. Ұлты — қазақ. Білімі –жоғары.

2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Әлеуметтану» мамандығы бойынша, 2012 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2010 жылы «Медеу» қалалық экологиялық инспекциясында кеңесші болып бастаған.

2011-2013 жылдары Алматы қалалық табиғи ресурстар жән табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғат паркі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кеңесші, 2013-2017 жылдары Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының көріктендіру бөлімінің бас маманы, 2017 жылы Агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясының бас маманы, 2017-2018 жылдары «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының маман-заңгері, 2018-2019 жылдары Жамбыл облысының статистика департаментінің заң басқармасының бас маманы, 2019-2020 жылдары Жамбыл облыстық Кәсіпкерлер палатасының жобаны қолдау департаментінің маманы, 2020 жылдың сәуірінен 2021 жылдың сәуірі аралығында Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы, Қордай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімшесінің бас инспекторы,  Отар ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Үйленген, 3 бала тәрбиелеуде.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.