ӨЗЕКТІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП ІЗДЕЛДІ

0

Қордай ауданы әкімдігінің мәжіліс залында әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Жиынға ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымдары, аудандық бөлімдер мен мекемелердің басшылары, сондай-ақ Zoom платформасы арқылы Жамбыл, Сарыбұлақ және Сортөбе ауылдық округтерінің әкімдері мен комиссия мүшелері қатысты. Отырыс комиссия төрайымы Дамира Сүгірбайдың төрағалығымен өтіп, күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.

Күн тәртібіне сәйкес, ауылдық округтердегі әйелдер кеңестерінің атқарған жұмыстары қаралып, әйелдердің құқықтарын қорғау, әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, отбасылық құндылықтарды нығайту бағытындағы жұмыстардың нәтижелері сараланды. Сонымен қатар, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және репродуктивті денсаулықты сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары талқыланды.

Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі балалар мен аз қамтылған отбасылардан шыққан жастарды спорт секцияларымен қамту мәселесі көтеріліп, олардың денсаулығын нығайту мен қоғамға бейімделуіне жағдай жасау бағытындағы жұмыстар баяндалды.

Жиын барысында қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, көтерілген мәселелер бойынша нақты ұсыныстар енгізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.