ТАҒАЙЫНДАУ

0

Қордай ауданы әкімінің 2021 жылғы 28 маусымдағы №172 ө-ж/қ өкімімен Акпаев Ерсин Владимирович Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы» комму-налдық мемлекеттік ме-кемесі директорының мін-детін атқарушы болып тағайындалды.

Акпаев Ерсин Владимирович, 1965 жылы 15 қаңтардағы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылында дүниеге келген.

Ұлты-қазақ.

Білімі–жоғары.

1988 жылы Қазақтың физкультура институтын «дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1988 жылы Красный партизан ауылының негізгі мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастаған.

1989-1995 жылдар аралығында Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің қызметкері, 1995-1997 жылдар аралығында салық полициясы басқармасының қызметкері, 1997-1998 жылдар аралығында Қордай аудандық салық комитетінде бас салық инспекторы,  1998-2000 жылдары «Онлан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде заңгер, 2000-2008 жылдары Қырғыз Республикасының шағын футбол ассоциациясында нұсқаушы-жаттықтырушы, 2008-2020 жылдар аралығында  Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, 2020-2021 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің  дене шынықтыру және спорт басқармасының Қордай ауданындағы №18 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы қызметтерін атқарған.

Үйленген, 4 бала тәрбиелеуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.