ТАҒАЙЫНДАУ

0

«Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының 2021 жылғы  8 шілдедегі №110-ж/қ бұйрығымен Байбосынов Дархан Самбетович «Қордай ауданындағы №18 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммунал-дық мемлекеттік мекемесінің  басшысы лауазымына тағайындалды.

Байбосынов Дархан Самбетович 1986 жылы 11 қарашада Жамбыл облысы Байзақ ауданында дүниеге келген.

Ұлты-қазақ.

Білімі-жоғары.

2008 жылы Қ.Яссауи  атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін «экономика» мамандығы бойынша, 2014 жылы Қазақстан инженерлік-педагогикалық  халықтар  достастығы университетін   «дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2009 жылы  «БТА Казахстан» зейнетақы жинақтау қорында менеджер болып бастаған.

2010 жылы «НефтеГаз-дем» зейнетақы жинақтау қорында аға менеджер қызметін атқарған.

2010-2011 жылдар аралығында №18404 әскери бөлімінде  әскери борышын өтеген. 2011-2013 жылдар аралығында Халыққа қызмет көрсету орталығының Жамбыл облыстық филиалының  Тараз қалалық бөлімінде инспектор, Жамбыл аудандық бөлімінде тәлімгер, 2013-2020 жылдары №7 «Облыстық мамандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жаттықтырушы,  2020-2021 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Жекпе-жек кәсіпқой спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде басшының орынбасары  қызметтерін атқарған

Үйленген, 3 бала тәрбиелеуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.