ТАЭКВОНДОДАН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

0

4-9 қаңтар күндері облыс орталығында WT Таэквондодан кіші жасөспірімдер (2013-2014 ж.т), жасөспірімдер (2010-2012 ж.т.) және жастар (2007-2008 ж.т.) ұлдар мен қыздар арасында Жамбыл облысының чемпионаты өтті.

Аудандардан келген жас спортшылардың басын қосқан облыс чемпионатында қордайлық қыздар да өз шеберліктерін көрсетті. Спортты серік еткен қордайлық арулар қарсыластарына лайықты төтеп беріп, додаға барынша дайындықпен келгендерін көрсетті. Спорт денсаулық кепілі деп ұрандатқан аудан жасөспірімдері шығыс жекпе жегіне ынталары жоғары екендіктерін жеткізіп, жүлделі орындарды иеленді.  Кіші жасөспірімдер арасында — Башан Алтынай мен Жәнібек Жания екінші орынды, жасөспірімдер арасында Данияр Жасмин үшінші орынды, жастар арасында Қуандық Алима және Орақбай Наргиза үшінші орынды жеңіп алды.  Жарыс жеңімпаздары арнайы грамоталар мен медальдарға ие болды.

Айта кетейік, Қордай ауданынан барған таэквондошылардың бапкері №17 БЖСМ-нің жаттықтырушысы Әйгерім Жидебаева. Таэквондо – мықтыларды шыңдайтын спорт түрі десек, келешекте нағыз сыр бермейтін саңлақтар Қордайдан көптеп шығып, аудан намысын асқақтатады деп сенеміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.