Тамақтан улану – ауру адамнан сау адамға жұқпайтын, кейбір микроорганизмдердің белгілі бір түрімен жаппай тұқымданған, табиғаты микробты немесе микробсыз, органикалық не органикалық емес улы заттардың тамаққа түсуінен туындайтын жедел (кейде созылмалы) ауру. Тамақтан улану жедел, аяқ астынан басталады. Азық-түлікке аз мөлшерде түрлі улы заттардың түсуінен болады.
Тамақтан улану 2 топқа бөлінеді: микробты және микробсыз.
Микробты улануға токсикоинфекция, токсикоздар, этиологиясы аралас (микс) жатса, ал микробсызға табиғатынан улы және белгілі жағдайда улылық қасиетке ие өнімдерден болатын улану жатады. Табиғаты микробты және микробсыз тамақтан уланулар санитариялық-гигиеналық және санитарлық эпидемияға қарсы норма мен ережелер қадағаланбауының нәтижесінде туындауы мүмкін.
Табиғаты бактериалды тамақтан улану — белгілі микроорганизмдердің тірі қоздырғыштары немесе олардың тіршілік өнімдерін (токсиндері) тұтынғаннан кейін туындап, организмнің әлсіз не айқын улану белгілерімен өтетін ауру.
Тамақтан уланудың профилактикасы:
1.Қауіпсіз тамақ өнімдерін таңдаңыз
2.Тамақты дайындау технологиясын сақтаңыз
3.Пісірілген тамақты бірден пайдаланыңыз
4.Азық-түліктерді мұқият сақтаңыз
5.Алдын ала дайындалған тамақты мұқият қыздыру керек
6.Шикі және піскен тамақ өнімдерін қатар сақтамаңыз
7.Қолыңызды жиі жуып тұрыңыз
8.Ас үйді таза ұстаңыз
9.Таза суды пайдаланыңыз
10.Тамақты жәндіктер мен кеміргіштерден аулақ сақтаңыз.
Ас ішу арқылы өзімізге керекті витамин, белок секілді органикалық заттарды тұтынамыз. Бірақ тағамдарымызды пайдаланбас бұрын оның сапасына, құрамына, пайдалану мерзіміне қараған жөн. Дұрыс тамақтанып, деніңіз сау болсын.
Н.ҚУАТБАЙ, Д.САЙМАСАЙ,
Қордай аудандық санитариялық — эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші мамандары