ЦИФРЛЫҚ АУТИЗМ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕСІЗ?

0

Бүгінде ұялы телефоны жоқ адамды елестету қиын. Гаджеттердің пайдасымен қатар, зияны да шаш етектен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы соңғы кезде әр екінші сәбидің (цифрлық) аутизмге шалдыға бастағанын айтып, дабыл қағуда. Оның алғашқы белгілері қандай?

Көру қабілетінің нашарлауына душар ете бастайды. Үйде телефон көп қарайтын балалардың есте сақтауы, ойлау қабілеті, ортаға бейімделуі баяу жүріп, зейіні тұрақсыз болып көрінеді. Зерттеудің барысында 7-16 жас аралығындағы балалар, смартфонды күніне 4-8 сағат аралығында пайдаланғанда көздері қылилана бастағаны байқалған. Сонымен қатар, ғалымдар смартфоннан электро-магниттік сәулелену мөлшері көп екенін дәлелдеген. Сондықтан, балаңыздың көзі қылилана бастаса көз дәрігеріне қарату керек. Бұл балалар мен ересектер арасында жиі кездесетін цифрлық аутизм, цифрлық тәуелділік. Сәбидің кеш сөйлеуі, есімін атағанда мән бермеуі, олардың сүйікті ісінің болмауы және балалармен тіл табысып, ойнай алмауы, қатыгезденуі – балалардағы дерттің алғашқы белгілері. Мұндай белгілері бар балаларға невропотологтың, логопедтің, дефектологтың көмегі қажет. Мектеп жасындағы балаларға тәулігіне 15-30 минуттан артық телефон ұстауға болмайды.
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Қордай аудандық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кез-келген тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдер қабылданады. Қазіргі таңда орталықта 17 адам, оның ішінде 5 әйел, кәмелеттік жасқа толмаған 12 бала бар. Әйелдер мен балалардың денсаулықтары күнделікті қадағалануда. Сонымен қатар, балалардың күнделікті сабақтан тыс уақытта ұялы телефондарын пайдалануға шектеулі уақыт беріледі. Ұялы телефонның адамның денсаулығына тигізетін зияны туралы ақпараттар айтылып, жете түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп тұрады.

А.ЖАЙЛАУБЕКОВА, орталық мейірбикесі

Leave A Reply

Your email address will not be published.