Оқу жылы аяқталып, демалыс уақыты келгенде көпшілігімізде демалысымызды қайда өткізсек, деген сұрақ туындайды.
Қордай ауданындағы білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы жыл сайын Қазақстанның інжу-маржаны Алакөл көліне туристік саяхат ұйымдастырады. Біз бұл сапар туралы көптеген жақсы пікірлер естігендіктен, барып қайтуды шештік.
Демалыс бәріміз үшін ұмытылмастай болды! Керемет «Арасан» демалыс үйі, тамаша тағамдар, мәдени бағдарлама, аралға қайықпен саяхат, «Жалаңашкөл» көліне автобуспен саяхат, «Арбат» жағасында кешкі серуендер, мейірімді және сыпайы жергілікті тұрғындар. Және, әрине, шипалы суы мен көркем табиғаты бар ең әдемі Алакөл көлі.
Бес күн зымырап өте шықты! Осынау тамаша демалыстардың астарында кәсіподақ ұйымының басшысы Қарлығаш Қанатбекқызы Қыпшақбаева мен заңгер Бауыржан Айдарәліұлы Алпысбаевтың нақты жоспарлы және ұйымдасқан жұмысы жатыр, олар әрқашан қасымызда болды: қызығушылық танытты, келіссөздер жүргізді, тереңірек түсіндірді, шешім қабылдады. Оларға деген алғысымыз шексіз. Үнді философы Рабиндранат Тагор: «Демалыс пен жұмыс қабақ пен көз сияқты ажырағысыз». Бізге демалу және жаңа қызықты жерлерге бару керек, ондай орындар біздің Қазақстанда жеткілікті.
«Алакөл-23» білім қызметкерлері тобы