Танкіші Сергей

0

Қатардағы жауынгер Сергей Федянин Жамбыл облысы Қордай ауданы Бектас ауылының тумасы. Ол қазіргі уақытта Аягөз гарнизонының танк құрамасында Т-72 ұрыс машинасының көздеуші-операторы лауазымында мерзімді қызметін абыроймен өткеріп жүр.
Әскери қызметінің алты айын Гвардейск гарнизонындағы арнайы оқу орталығыда әскери білім алып бастаған жас жауынгер бүгінде танк ұрыс машинасынан оқ атудан үздік сарбаздарының қатарында. Қазіргі таңда бір жылдық қызметтің тең жартысын артта қалдырған жауынгер Сергей әскери саланы толық игеріп, ел мүддесі үшін қажетті кез-келген жауынгерлік тапсырмаларын орындауға дайын екендігін айтады.
— Менің ұлтым, түрім орыс болсада жүрегім қазақ деп соғады. Өзімнің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгері болғанымды мақтан тұтамын. Әскер маған батырлықты, адалдықты, шыдамдылықты, мақсатқа жете білуді үйретті, осы орайда өзімнің бауырларымды әскер қатарына келуге шақырамын, — деді қатардағы Сергей Федянин.
Айта кетейік, ұлты орыс болсада қазақы ауылда өскен сары бала әскери сапқа тұрып сарбаз болуды балалық шақтан армандап өскен. Кәмелеттік жасқа толысымен Отан алдындағы борышын өтеуді өздігінен шешкен кейіпкеріміз бүгінде қарулас достарының ортасында өзінің адалдығымен және Серік деген лақапатымен ерекше құрметке ие.

Leave A Reply

Your email address will not be published.