Танкистер штаттық снарядтан оқ атты

0

Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының танкистері Гвардейск гарнизонындағы Мәтібұлақ полигонында штаттық снарядтан оқ атуды орындады.
Экипаждар жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес, Т-72 танк қару-жарағынан 1 бақылау ату жаттығуын орындады. 125-мм зеңбірегі мен 7,62 мм ПКТ пулеметінен шартты қарсыластың әртүрлі қашықтықта орналасқан бронды техникалары мен пайда болатын және қозғалатын нысаналарының көзін жойды.
Тәжірибелік ату дайындығы сабағында қауіпсіздік шаралары қатаң сақталды. Жеке құрам теориялық, тәжірибелік білімдерін арттырып, нормативтер мен ату жаттығуларды сауатты орындай алды. Сондай-ақ, ату кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен жаттығу шарттарын меңгерген соң ғана бақылау ату жаттығуын орындауға рұқсат берілді.
Атыс сабақтары бойынша қорытынды жасалып, үздік рота командирі, үздік взвод сержанты және үздік экипаж құрамы марапатталды.
– Біз Т-72 танк қаруынан бақылау ату жаттығуын орындадық. Сабақ барысында танк экипаждарының іс-қимылдарының үйлесімділігіне және кәсіби дағдыларына ерекше назар аударылды. Танкистер бақылау ату жаттығуларын сенімді түрді орындап, жақсы баға алды. Ал атыс дайындығы бойынша сабақтар танк бөлімшесімен ұрыс жүргізудің барлық негізгі мәселелерін қамтитындай етіп жоспарланған, – деді танк командирі сержант Жандос Салаватов.
Бұдан өзге, танкистер жауынгерлік жиынтықты танкіге салу, танк бөлімшесі мен қару-жарағын жорықтық жағдайдан жауынгерлік жағдайға және кері ауыстыру бойынша практикалық нормативтерді де орындады.

Гвардейск гарнизонының
баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.