ТИІСТІ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ

0

8 қараша күні Қордай аудандық мәслихатының төрағасы Нұрдин Садықовтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың сессиясы өтті. Оның жұмысына депутаттармен қатар аудан әкімінің орынбасары Бақыт Сахатов, аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Светлана Абдужалиева қатысты. Жиынның күн тәртібіне бір ғана сұрақ – «Қордай ауданының 2023-2025 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеті туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 34-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе шығарылып, ол бойынша С.Абдужалиеваның баяндамасы тыңдалды.

Мәслихат депутаттары күн тәртібіндегі мәселені талқылай келе, енгізілетін түзетулерді бірауыздан қолдап, тиісті шешім қабылдады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.