ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ҚҰРАМЫ БЕКІТІЛДІ

0

15 наурыз күні Қордай аудандық мәслихат төрағасы Нұрдин Садықовтың төрағалығымен сессия отырысы өтіп, оның жұмысына аудан әкімінің орынбасары Бақыт Сахатов, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Бейқұт Жамангозов, аудандық қоғамдық кеңес төрайымы Баян Қарамолдаева, бөлім басшылары, ардагерлер кеңесінің мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Сессия барысында аудандық мәслихат депутаттары 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджетке өзгерістер енгізу туралы мәселені қарап, бірауыздан мақұлдады. Сондай-ақ, 2024 жылға Қордай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларының мамандарына, ауылдық округ әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын қарастыру туралы шешім қабылдады.

Келесі кезекте Қордай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін анықтау мәселесі қаралды. Бұл ретте сессияда тоғыз аудандық ведомствоаралық комиссияның құрамы бекітілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.