WKF КАРАТЭДЕН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР

0

5-6 қаңтар күндері Қордай ауданы Қарасу ауылындағы дене шынықтыру сауықтыру кешенінде WKF — каратэден Қазақ КСР-дың және ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қайрат Молдажановты еске алуға арналған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында аудандық ашық турнирі өтті.

Аталған жарысқа Қонаев, Алматы, Тараз қалалары және Алматы, Жамбыл облыстарының аудандары, сонымен қатар Қордай ауданынан жалпы саны 100-ден аса спортшы өз бақтарын сынады.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне Қордай ауданы әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, каратэден бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, Әлем біріншілігінің тұнғыш жеңімпазы Тохтиев Закир, «Сакура» каратэ клубының негізін қалаушы Гулметов Навридин, Қайрат Молдажановтың ұлы Талғат Қайратұлы және аудандық спорт бөлімінің басшысы Ғалым Әлімжанов қатысты.

Татами үстінде өз шеберлігін көрсете білген қордайлықтар да күш сынасып, жүлделі орындарға ие болды.

Атап айтатын болсақ, 40 келі салмақта жүлделі 3-орынды Бақытжан Ташболатов, 2-орынды Ерқанат Мұратбек иеленсе, 30 келі салмақта 3-орынды Ерасыл Мұратбек, Алинур Сауранбеков, Бауыржан Жылкелді, Жанерке Уәлихан, 2-орынды Бейбарыс Қалиасқаров, Мұхаммедамин Қалиасқаров, Алдияр Жәнібек, Заңғар Боламбаев, Айару Мұратбек жеңіп алды. Ал 20 келі салмақта күрескен Аян Жолдасбай үшінші орынды иеленді.

Жеңімпаз атанған жасөспірім ұлдар мен қыздар медаль, диплом және демеушілер тарапынан ақшалай қаражатпен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.