Құрметті жерлестер!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – бейбіт өмір мен берекелі тірлікті ту еткен, ынтымақ пен өзара түсіністікті басты құндылыққа айналдырған еліміздің ең қастерлі күндерінің бірі. Бүгінде бұл күн – әрбір қазақстандық үшін ыстық ықылас пен шынайы достықтың, татулық пен келісімнің символына айналды.
Қазақстан халқының бірлігі күні – Отанға деген сүйіспеншіліктің, патриоттық рухтың, азаматтық жауапкершілік пен жалпыұлттық келісімнің айқын көрінісі. Бұл күні біз ата-бабаларымыздан қалған бірлік пен ынтымақтың қадірін терең түсініп, өткен тарихымыздың тағылымын дәріптейміз. Әртүрлі этнос өкілдерінің татулығы мен келісімі – еліміздің ең үлкен жетістігі әрі мақтанышы.
Қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесім – мемлекетіміздің тұрақты дамуының берік негізі. Бұл – тәуелсіз еліміздің ең басты тірегі, ең асыл байлығы. Сондықтан осы құндылықтарды сақтау мен нығайту – баршамыздың ортақ парызымыз.
Бүгінгі таңда еліміздегі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің арқасында Қазақстан әлемге бейбітшілік пен татулықтың жарқын үлгісін көрсетіп отыр. Бұл жетістік – бірлігі жарасқан халқымыздың қажырлы еңбегі мен өзара құрметінің нәтижесі.
Береке-бірлігіміз бекем болып, татулығымыз тұғырлы болсын! Әр шаңыраққа амандық, бақыт пен қуаныш тілеймін.
Нұрдин САДЫҚОВ, аудандық мәслихат төрағасы