ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛДІ

0

27 қаңтар күні Қордай аудандық ардагерлер кеңесінің отырысы өтті. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбеттің төрағалығымен өткен жиынға президиум мүшелері, ауылдық округ бастауыш кеңестерінің төрағалары қатысты.

Күн тәртібінде аудандық ардагерлер кеңесінің 2022 жылғы атқарған жұмысы туралы есебі, аудандық билер кеңесінің, әкелер кеңесінің, «Аналар алқасы» кеңесінің есептері тыңдалды. Сонымен қатар, аудандық, ауылдық округтік ардагерлер кеңестерінің, президиум мүшелерінің, тұрақты комиссиялар, «Билер», «Әкелер», «Аналар алқасы» кеңестерінің құрамдары және жұмыс жоспарлары бекітіліп, күн тәртібіне енгізілген өзге де өзекті мәселелер қаралып, тиісті қаулы қабылданды.
Сондай-ақ, отырыс барысында 2022 жылдың қорытындысы бойынша үздік бастауыш ардагерлер ұйымдары марапатталды. I орынды – Бетқайнар а/о (төрағасы С.Сайбиров), II орынды – Ауқатты а/о (төрағасы Ә.Семжанов) және Қордай а/о (төрағасы Ә.Сейілханов), III орынды – Степной а/о (төрағасы А.Ибрагимов), Әлжан ана ауылы (төрағасы Ж.Абдиматов), Үлкен Сұлутөр (төрағасы М.Алтынбеков) ауылдары иеленді.
Айта кетейік, 25 қаңтар күні облыстық ардагерлер ұйымының қорытынды кеңесі өтіп, жыл қорытынды бойынша Қордай аудандық ардагерлер кеңесі облыс көлемінде III орынды иеленді. Құттықтаймыз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.