«АРЛАН» АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

0

Жақында №23 Т.Рысқұлов атындағы орта мектепте «Шоқантану» бағытында білім алып жатқан «Арлан» кадет сыныбының ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өтті. Бұл 100 жылдық тарихы бар білім ордасында құрылған алғашқы жаңа бастама. Оның мақсаты — балаларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа және патриоттыққа тәрбиелеу.

Өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған іс-шарада кадет сыныбы хормен «Егемен елім» әнін, «Кеңес» күйін орындап, әскери вальс билеумен қатар, Ерқанат Сембай және Гаухар Сержан «Калашников» автоматын толық емес бөлшектеп, жинады. Сондай-ақ, WKF каратэден спорт шеберлігіне үміткер Ерқанат Мұратбек пен Бақытжан Ташболатов WKF каратэден, Абдурахим Есенғали мен Динара Базарбай таэквандодан өз шеберліктерін көрсетті. Іс-шараға Әлжан ана ауылының әкімі Қарлығаш Исағұлова, ауған соғысының ардагері Исан Ильясов, Қасық шекара бөлімшесі бастығының орынбасары, лейтенант Айсұлтан Абеуов, Қордай ауданы бойынша шекара басқармасының сержанты Ержан Даумбақов шақыртылды. Сондай-ақ, Қасық шекара басқармасының қатардағы жауынгерлері патриоттық ән орындап, өскелең ұрпаққа дене бітімдері мығым болуы үшін әскери «қоян-қолтық ұрысын» көрсетті. Қару-жарақтардың ерекшеліктерін түсіндіріп, келген қонақтарға жақсы көңіл-күй сыйлады.
«Арлан» кадет сыныбының ашылуына мұрындық болған мектеп директоры Алия Байгелова болса, сынып жетекшілігін тарих пәнінің мұғалімі педогог- шебер Айгүл Сегізбаева жүргізіп, әскери патриоттық жетекші педогог-зерттеуші АӘТД пәнінің мұғалімі Мағжан Бірғожаев дәріс берді. Бұл сынып қазақтан шыққан тұңғыш ғалым, мақтанышымыз Шоқан Уәлихановтай жан-жақты, білімге құмар, зерек ойлы шәкірт болып, болашақта еліміздің дамуына үлес қосатын азаматтар болады деп сенеміз!

А.АЯПБЕРГЕН,
№23 Т.Рысқұлов атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.