ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ

0

Аудан әкімінің тапсырмасымен көктемде жаңбыр суы шайып кеткен Алға — Көгадыр тас жолының жиегін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Аудан әкімдігінің ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі жол жөндеу жұмыстарына, нақтырақ айтсақ, тас тасығанға жүк көлігін бөлген.

Жол жиегін қалпына келтіру жұмыстарына Көгадыр ауылындағы жеке кәсіпкер Марат Қанатұлы бастаған ауылдың бірқатар жомарт азаматтары да жұмыла кірісуде.

Олар демеушілік жасап, арнайы трактор тиегіш тауып, жолдың опырылған бөлігіне тас төсеуде.

«Бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып ауылдың игілігі үшін әрекет етіп жатқан азаматтардың бұл ісі өзгелерге үлгі десек қателеспейміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.