ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ЕСКЕРІЛДІ

0

Газетіміздің алдыңғы сандарының бірінде біз Қордай ауылының Жібек жолы көшесінің басталатын жерінде, шекара бекетінің маңында жаяу жүргіншілерге арналған шағын көпір жайын жазған едік. Жарамсыз көпірдің жағдайы жайлы редакциямызға сол жердің тұрғындары айтқан болатын. Осы орайда аталған көпір жайын Қордай ауылдық округінің әкімі Әділет Қаспақбаевтан сұрап, тұрғындар тілегін жеткіздік.

Ауыл әкімі тұрғындардың сұрауына құлақ асып, дереу әрекетке көшкені қуантады. Көп ұзамай жаяу жүргіншілерге арналған көпір жөнделіп, сырланып, пайдалануға берілді. «Халық үніне құлақ асатын» әкімге тұрғындар атынан алғысымызды айтамыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.