ЖҰМЫС БЕРУШІГЕ ЖАДЫНАМА

0

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне, Әлеуметтік Кодексіне сәйкес жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау кезіндегі міндеттері және жұмыс берушінің талаптарды орындамаған жағдайдағы жауапкершіліктері төмендегідей көрсетілген.

Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224 VII ҚРЗ Кодексінің, 10 тарау, 103-бап. Жұмыс берушілердің халықты жұмыспен қамтуға қатысуы.

 Жұмыс беруші міндеттеледі:

  1. ҚР «Әлеуметтік Кодексі» 103 – бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларына сәйкес, бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді, еңбек жағдайлары мен жалақыны көрсете отырып бес жұмыс күні ішінде, Еңбек мобильділігі орталығы – Қордай ауданының Мансаптық орталығы өкілдік ететін филиалына жазбаша түрде немесе «электрондық еңбек биржасы» порталына ақпараттарды жөнелту керек.
  2. ҚР « Әлеуметтік Кодексі « 103-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес мансап орталығына (еңбек мобильділігі орталығына) жұмыс беруші- жеке тұлғаның қызметінің тоқтатылуына не жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына алып келген өндірістер және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты алдағы уақытта жұмыскерлердің жұмыстан босатылатыны туралы, босатылу қатысты болуы ықтимал жұмыскерлердің саны мен санаттары туралы ақпаратты жұмыстан босатылатын жұмыскерлердің лауазымдары мен кәсіптерін, мамандықтарын, біліктілігі мен еңбегіне төленетін ақының мөлшерін және олар босатылатын мерзімдерді көрсете отырып, босату басталғанға дейін бір айдан аз уақыт бұрын жазбаша немесе Электрондық еңбек биржасы арқылы толық көлемде беруге.
  3. Қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы ақпаратты Еңбек кодексінде көзделген тәртіппен еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу.

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес:

23-бап. Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері:

Жұмыс беруші:

2.2 Жұмысқа қабылдау кезінде осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда жұмыскерлермен еңбек шарттарын жасасуға міндетті;

33-бап. Еңбек шартын жасасу, өзгерту және толықтыру тәртібі:

Адамды жұмысқа жіберу еңбек шартын жасасқаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

Жұмыс берушінің кінәсінен еңбек шарты болмаған және (немесе) тиісті түрде ресімделмеген жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады. Бұл жағдайда еңбек қатынастары жұмыскер жұмысқа кіріскен күннен бастап туындады деп есептеледі.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы

Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес:

86-бап. Адамды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберу:

  1. Жұмыс берушінің адамды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберуі – лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
  2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) – лауазымды адамдарға – алпыс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
  3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған әрекет (әрекетсіздік) – лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
  4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –

лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

98-бап. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту саласындағы заңнамасын бұзу:

1.Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, санның немесе штаттың қысқартылуына, жұмыс берушінің экономикалық ахуалының нашарлауына алып келген өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің азаюына байланысты жұмыскерлердің алдағы уақытта жұмыстан босатылуы туралы ақпаратты толық көлемде және (немесе) белгіленген мерзімдерде бермеу;

2.Халықты жұмыспен қамту орталығына бос орындардың бар-жоғы туралы мәліметтерді жібермеу, уақтылы жібермеу;

  1. Жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы хабарламаны ұсынбау, уақтылы хабарламау;
  2. Мүгедектігі бар адамдар, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының белгіленген квотасын орындамау түрінде жасаған бұзушылығы.

Қордай ауданы бойынша Мансап орталығы

Leave A Reply

Your email address will not be published.