Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі мен аудандық Мансап орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен, сондай-ақ пробация қызметкерлерінің бірлесуімен, жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.
Іс-шараға жұмыс іздеуші және жұмыссыз жастар қатысты. Қатысушылар аймақтағы түрлі мекемелер мен кәсіпорындар ұсынған бос жұмыс орындары туралы толық ақпарат алып, шекара қызметі мен басқа да салалардағы жұмыс мүмкіндіктерін зерттеді.
Жәрмеңкенің басты мақсаты — жұмыс іздеуші жастар мен жұмыс берушілер арасындағы тиімді байланыс орнатып, олардың тұрақты жұмыспен қамтылуына мүмкіндік жасау. Қатысушылар өз мамандықтары мен қызығушылықтарына сәйкес ұсыныстар алып, кеңесшілерден кәсіби бағыт-бағдар алды.
Аталған бағыттағы қолдау шаралары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.