ЖАҢА АРХИВ ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

0

25 желтоқсан күні Қордай ауылында «Қордай ауданының мемлекеттік архиві» КММ-нің жаңа ғимараты ашылды. Аудандық архив қызметкерлері көптен күткен қуанышқа кенелді. Аудандық архивтің ашылу салтанатын аудан әкімі Бегзат Болатбеков бастап, облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысы Ерлан Жүнісбай, аудандық «Аманат» партиясының төрағасы Бейқұт Жамангозов, «Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті» төрағасының орынбасары Гүлзира Қарсақбаева, Жамбыл облысы, Қордай ауданының зиялы қауым өкілдері, Алматы, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстық архивтерінің басшылары, Алматы, Шымкент, Тараз қалалық және аудандық архивтерінің басшылары, облыстық архив саласының ардагерлері құттықтау сөз сөйледі.

Сонымен қатар, шараға қатысқан  Орталық мемлекеттік архивінің директоры Сәбит Шілдебаев Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтауын жеткізді.

Алғы сөз аудан әкіміне беріліп, Бегзат Сейсенқұлұлы: Ауданымызда көптен күткен жаңа архив ғимаратын қолданысқа бергелі отырмыз. Бұл ғимарат облысымыздағы, қала берді республика деңгейіндегі ең үлгілі архивтердің бірі болмақ. Баға жетпес құнды қазына болып табылатын тарихи-мәдени мұраларымызды сақтаудағы еңбектеріңіз әрқашан жемісті болсын! Отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін!» — деді.

Аталған құрылыстың жалпы жоба құны 337661,80 млн. теңгені құрады. Аудандық архив ғимаратының құрылыс жұмыстарын «ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС-і жүргізген болатын.

Қазіргі таңда «Қордай ауданының мемлекет-тік архиві» КММ директоры Қатира Уәлиева бастаған барлығы 13 қызметкер жұмыс істейді. Заман талабына сай салынған ғимараттың іші де соңғы үлгідегі техникалармен қамтамасыз етілген. Архив ғимараты екі қабаттан тұрады. Жалпы ауданы 821,5 шаршы метрді құрайды. Ғимаратта құжаттарды қабылдау бөлмесі, арнайы қоймалар және де мәжіліс залы бар. Бір сөзбен айтқанда мамандардың жұмыс істеуіне бар жағдай жасалған. Алдағы уақытта аудан тарихының қордаланатын орны халық игілігіне қалтқысыз қызмет етеді деген ойдамыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.