ЖАҢА КІТАПТАР – ОҚЫРМАН ИГІЛІГІНЕ

0

Қордай аудандық орталық кітапхананың «Коворкинг» орталығында  өңір  қаламгерлерінің еңбектерін, прозалық шығармалары мен жыр жинақтарын  таныстыру, жастарды кітап оқуға баулу, оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Абай» баспасынан жарық көрген 24 жергілікті автор кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.

Айтулы жиынға Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Жамбыл облысының Үздік журналисі Құрманбек Әлімжанов, Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі, қоғам қайраткері, жерлес ақын Абдрасилов Талғат, жерлес ақын Берік Семетаев және ауылдық кітапхана қызметкерлері қатысты. Кітапхана әдіскері облыстық ақын-жазушылардың кітаптарына слайд арқылы библиографиялық шолу жасады. Кеш қонақтары кітаптың қызыл лентасын кесіп, қатысушыларға ізгі-тілектерін білдірді.

Қордай аудандық кітапханасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.